Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дүкен қызметкері киім-кешек сатып алғаннан кейін оны не үшін міндетті түрде жуу керектігін айтты

Киім-кешек дүкенінің қызметкері киім сатып алған соң оны жуудың маңыздылығы туралы айтты. Дана есімді ару бұл туралы TikTok желісінде жариялаған. 

Octagonglasses атауымен белгілі қолданушының айтуынша, ол жұмыс істейтін дүкендегі әріптестері  жаңа коллекциядағы тауарды жарнамалау үшін оларды ауысым кезінде киіп жүреді.

"Біз күні бойы жұмыс істейміз, терлейміз. Күннің соңында біз бұл киімдерді шешіп, этикеткаларды қайта жабыстырып, сауда алаңына қоямыз", – деп ескертті ол.

Блогер мұны көптеген сауда орын қызметкерлері жасайтынын да атап өтті. Осы себепті, жаңа киімдер бір қарағанда таза болып көрінуі мүмкін, бірақ шындығында олай емес дейді ол.


Түркияда тұрғындар мысықты басып, өлтіріп қойған ресейлікті елден шығаруды талап етуде 


Аталған бейнеролик 23 мыңнан астам қаралым жинады. Желі қолданушылары жағдайға байланысты өз пікірлерін бөлісті.

"Мен дүкенде жұмыс істедім, сөрелерге қоймас бұрын, біз оларды бумен үтіктейтінбіз”, "Мен әрқашан киімдерді жуамын, өйткені оларды көп адам киіп көреді", "Өндіріс процесін елестетіп көріңізші, қанша адам бұл заттарға қолдарын тигізген. Егер олар дәретханаға барғаннан кейін қолдарын жумаған болса ше?" дейді қолданушылар.

Мамыр айында тағы бір блогер PrettyLittleThing интернет-дүкенінен қалтасы көп шалбарға тапсырыс беріп, тауардың иісіне шағымданған. Шалбарды жуған кезде су біртіндеп лас қою қоңыр түске боялғанын хабарлаған.

Талқылау