AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дубайда көз жұмған отандасымыздың денесі сегіз күннен бері елге келмей жатыр

Біріккен араб әмірліктерінде көз жұмған отандасымыздың денесі сегіз күннен бері жат елдің мәйітханасында жатыр. Дубайға демалуға кетіп демі үзілген 76 жастағы Абдулла Берлібекұлын туыстары жер қойнына тапсыра алмай жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Мәйіттің дер кезінде елге келмеуіне сақтандыру компаниясының салғырттығы себеп дейді туыстары.

Абдулла Берлібекұлы Дубайға жұбайымен демалуға кеткен. 76 жастағы қарияның кенет жүрек талмасы ұстап, жағдайы нашарлаған. Алайда отандасымыздың өмірін ақ халаттылар арашалай алмапты. Ал марқұмның денесін ағайын-туысы сарыла күтіп жүр. Олар сүйектің дер кезінде келмеуіне сақтандыру компаниясын кінәлап, кеңсесінің алдына жиналды.

“Денесін әкеле алмай отырмыз. Өте қиын жағдай. Уақыт болды, жерлеу керек, бірақ жерлей алмай жүрміз. Бар шағымымыз – сақтандыру компаниясы "Номадқа". Жұмысы дұрыс емес. Турға, сақтандыруға ақша төленген. Дубайда арнайы агенттер бар. Солар барып бар  жұмысты істеу керек. Туыстары барлық жақтан келіп күтіп отыр”, – дейді марқұмның туысы Тұяқбай Қантанов.

Теңіз жағасындағы бес күндік демалыстың ақысына медициналық сақтандыру да кірген. Демек, сақтандыру компаниясы өзге мемлекетте қайтыс болған туристі еліне жеткізіп, бар шығынды мойнына алуға тиіс. Бірақ бұл шаруа сағызша созылды дейді марқұмның ет жақындары.

“Сақтандыру бойынша ол жақта ауырып қалған немесе қайтыс болған жағдайда барлық рәсімін алып өздері жіберу керек. Консул айтты. Біз жақтан кедергі жоқ деді. Бірақ сақтандыру компаниясы алты мың доллар төлеуі керек. Сақтандыру компаниясы бірнеше күн бойы не істеп жүр? Неге соның барлығын орнына келтірмейді?” – дейді марқұмның туысы Дәметкен Өзбекова.

Сақтандыру компаниясының өкілдері жауаптан қашпаймыз деп отыр. Олар: "Мүрдені елге әкелеміз, бірақ қай күні екенін айта алмаймыз" деп, қысқа қайырды.

“Сақтандыру компаниясы бар шығынды өтейді. Бірақ туристі елге жеткізу оңай шаруа емес. БАӘ толтыратын құжат көп. Аурухана, полицияға анықтама өткізу керек. Олар тексереді. Барлығы уақыт алады. Құжаттар дайын болған соң консул қол қойып, мәйіт елге жеткізіледі. Репатриация жұмысы нақты қашан аяқталатынын айту қиын. Біз жеделдету үшін барымызды саламыз”, – дейді Nomad Insurance сақтандыру компаниясының департамент директоры Мұрат Әлібеков.

Алайда Абдулла Берлібекұлының туыстары компания басшыларына сенуден қалған. Жақынын жер қойнына тапсыра алмай қиналған олар сыртқы істер министрлігінен көмек сұрамақ.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр