Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дубайда қазақстандық азаматша жұмбақ жағдайда көз жұмды

Дубайда жұмыс істеп жүрген қазақстандық азаматша жұмбақ жағдайда көз жұмды. Жергілікті полиция қыз өз-өзіне қол жұмсады дейді. Алайда марқұмның туыстары мұнымен келіспейді. Ару ағылшын тілін үйреніп, өткен жылдың тамыз айында Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс істеуге кеткен. Әпкесінің айтуынша, Умида жұмыс істеп, оқуына ақша жинап, жақындарына да қаржылай көмектескен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

"Сіңілімнің мүрдесін елге жеткізсе деймін. Ұшақтар ұшып жатыр емес пе?! Мені көріп тұрсаңыздар, барлық елшілерден, біздің президентімізден көмек сұраймын!", - дейді Манзура Сабырова, марқұмның әпкесі.

Манзура Сабырова сіңілісінің өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Онысы орынды, өйткені 16 наурыз күні байланысқа шыққан Умида өзін шетелден алып кетуді өтініп, оны аңдып жүргенін айтқан. Пандемияның таралуына байланысты сіңілісін алып кету мүмкін болмапты. Ал еліміздің сыртқы істер министрлігі осы жағдай олардың бақылауында екенін айтады. Ресми органнан "Мүрдені елге жеткізу мәселесі осы аптаның соңына дейін шешілуі тиіс", - деген жауап келді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр