Дубайда 2 жасар қазақстандық бала комаға түсіп қалды
Дубайдағы бассейнге екі жасар қазақстандық бала суға батып кете жаздады. Бала ауруханаға комада түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Біріккен Араб Әмірліктерінде 15 қазанда болды. Бала бассейнде ес-түссіз күйде табылған. Жергілікті дәрігерлер жүрек қызметін қалпына келтіре алды, бірақ сәби комаға түсті.
Ауыр жағдайда ол Дубайдағы ауруханаға жеткізіліп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бірнеше күннен кейін жәбірленушінің әкесі баласын отанына жеткізу туралы өтінішпен Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне жүгінді.
Дәрігерлер нәрестенің жағдайын бағалап, оны санитария көмегімен тасымалдауға рұқсат берді.
«2019 жылдың 27 қазанында жылжымалы медициналық авиациялық бригаданың көмегімен баланы отанына арнайы ұшақпен сәтті жеткізді. Арнайы борт Нұр-Сұлтан әуежайына қонды. Сол жерден науқас одан әрі емделу үшін Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізілді.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің жедел медициналық көмек ұлттық үйлестіру орталығының баспасөз қызметі хабарлады. Қазір сәби жансақтау бөлімінде. Оның жағдайы әлі ауыр.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
