Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жедел жәрдем шақыруға қатысты өзгерістер: Денсаулық сақтау министрі желідегі даудан кейін мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем шұғыл емес шақыртуларға бармайды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: senate.parlam.kz

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем ережелеріне түзетулер жобасын дайындаған еді. Министр Ақмарал Әлназарова жобада халыққа тәулік бойы көрсетілетін жедел жәрдем қызметтерін шектеу туралы норма жоқ екенін айтты. 



"Халық үшін жедел жәрдем 24/7 режимінде 103 нөмірі бойынша қолжетімді болып қалады. Өзгерістер шақыртуларға қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасын арттыру мақсатында емханалардың жанынан құрылатын бригадаларға қатысты. Мобилдік бригадалардың санын көбейту туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, балаларға медициналық көмек қажет болған жағдайда, шығу педиатрдың, ал ересек тұрғындарға – бейінді мамандардың (кардиолог, невропатолог және т.б.) қатысуымен жүзеге асырылады. Бұған дейін бір бригада 35 мың адамға қызмет көрсетсе, жаңа қағида бойынша 25 мың адамды қамтиды", – деді министр.

Сондай-ақ Әлназарова мобилдік бригаданың жұмысы емхана ұйымдарының жұмыс уақытымен үйлестірілетінін айтты. 

"Сағат 20.00-ден кейін және демалыс күндері-шақыртуларға қызмет көрсетуді жедел жәрдем бригадалары жүргізеді. Бұл норма жедел жәрдем қызметін ұзақ күтудің төмендеуіне ықпал етеді. Сондай-ақ тұрғындарға 103 нөмірі бойынша жедел жәрдемді шақырту үшін ешқандай кедергі жоқ", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем ережелеріне түзетулер жобасын дайындағаны туралы жазған едік. Мұнда енді Қазақстанда шұғыл көмек қажет болса да, кешке немесе түн ортасында шақырған науқастарға жедел жәрдемнің бармайтыны көрсетілген. Осыдан соң денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдемнің шұғыл емес шақыртуларға не себепті бармайтынын түсіндірді. 

Талқылау