“Дойбышыдан үш есе нашар”: Депутат елімізде әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейін сынға алды
Мәжіліс депутаты Константин Авершин Қазақстанның қарулы күштерін азық-түлікпен қамтамасыз етуді қайта қарау туралы ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото ашық дереккөзден
Депутат бұл сұраққа қатысты премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдады.
Депутат қоғамдық тамақтандыру қызметтерінің құны нарықтың нақты бағамына сәйкес келмейтінін баса айтты. Сонымен қатар депутат ұлттық статистика бюросы әскерлерге берілетін азық-түлік рационының орташа құны 3 мың теңге екенін, негізі бекітілген баға 2250 теңгеден 33% жоғары екені туралы ақпарат бергенін атап өтті.
"Статистика органдары базарлардағы және дүкендердегі азық-түлік бағасы туралы мәліметтерді жинап берген. Сонда өнімдер "өз бетімен" әскери бөлімшелерге жеткізіліп, жуылып, дайындала ма? Олардың пікірінше, аспаздар тегін жұмыс істеп азық-түлік қоймалары тегін дезинфекцияланып, басқа қызметкерлер жалақысыз ыдыс-аяқты жуып, тазалауы керек", – деді Константин Авершин.
Осындай шығындардың құнын 647,80 теңге деп бекіткен, негізгі азық-түлік құны 2250 теңге болған.
"Бұдан бір әскери қызметкерге нақты бөлінген сома бүгінде 2 250 теңге емес, 1 602,20 теңге болып отыр деген қорытынды жасауға болады. Бұл инфляция мен бағаның өсуі аясында 2022 жылы белгіленген қаржыландыру нормативтері сапаға тікелей әсер ететін барлық қажет шығынды өтемейді. Сонымен бірге қаржы министрлігі 2020 жылы Республикалық бюджет комиссиясы берген рационның құнын қайта қарау туралы тапсырманы орындамады. Бұл елдегі қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге қауіп төндіреді", – деді депутат.
Оның айтуынша, спорт министрлігінің 2024 жылдан бастап бекітілген әдістемесі аясында спортшылардың тамақтануына күніне 3 АЕК-ке дейін қаржы бөлінеді, бұл шамамен 11 076 теңге.
“Сарбаздың күнделікті тамақтану шығыны 2250 теңге, яғни дойбышылармен салыстырғанда үш есе төмен. Бұл қолданыстағы стандарттардың диспропорциясын көрсетеді және әлеуметтік әділет қағидаттарына қайшы келеді. Осы жағдайда стандарттарды қайта қарауды және басқа салалардағы нормаларды үйлестіруді талап етемін", – деді Константин Авершин.
Осыған байланысты, ол қаржы министрлігіне қазір құрылған жұмыс тобының қатысуымен азық-түлік рационының құнын қайта қарау бойынша жұмысты, қазіргі бағалар мен үстеме шығындарды ескере отырып, аяқтауды тапсыруды ұсынады.
Сонымен қатар қорғаныс министрлігі мен "Атамекен" ҰКП, сондай-ақ мәжілістің тиісті комитетінің депутаттарын жұмыс тобына қосу ұсынылады.
Еске салсақ, осыған дейін қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин кәсіби армия жасауға Қазақстанның қаржылық қауқары жетпейтінін айтқан еді.