Сауд Арабиясында алғаш рет король отбасының мүшесі өлім жазасына кесілді
Сауд Арабиясы билігі патша отбасы мүшелерінің бірі Түрки бен Сауд Әл Кебирді өлім жазасына кесті. Оған досын өлтірді деген айып тағылып отыр.
Фото: inosmi.ru
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Үкім туралы елдің сыртқы істер министрлігі де растаған. Үкімді Сауд Арабиясының жоғарғы соты шығарған. Ал жазаны орындау туралы бұйрыққа королдің өзі қол қойған.
Тергеу мәліметіндегідей, король отбасының мүшесі үш жыл бұрын Эр-Риядтағы лагерлердің бірінде атыс ұйымдастырып, өзінің досы Әділ ал-Мхемедті атып, тағы бір адамды жаралаған. Оның бұл әрекеті үлкен шу тудырған еді.
Король отбасы мүшесінің өлім жазасына кесілуі араб елдеріндегі монорхия тарихында алғаш рет болып отыр.
Оқи отырыңыз:
Венесуэла түрмесінде ашыққан тұтқындар камераластарын жеп қойды
Қазақстанда құжат ауыстыруды 2021 жылға жоспарлауда
61 жастағы қалыңдық желіде тарап кеткен “Қыз ұзату” видеосын көріп жылап қалған
Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуіне қатысты сот отырысына келді (видео)