Достарын құтқармақшы болған: Маңғыстау облысында 17 жастағы жігіт суға батып кетті
Ақтау қаласынан 20 метр қашықтықта орналасқан "Шора" каналына суға батып бара жатқан достарын құтқармақшы болған 17 жастағы жігіттің денесі теңізден табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, хабарлама кешкі сағат 19:35-те түскен.
"Үш жігіт каналда шомылып жүрген. Бірақ теңізден тек екеуі шықты. 2001 жылы туған жігіт суға батып кетті. Денесі бүгін таңертең жағадан 100 метр жерден табылды. Үшеуі де Мұнайлы ауданының тұрғыны", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдай департаментінде.
Оқиға куәгері Рахымжан Бектілеуовтің айтуынша, суға түсіп жүрген екі жігіт батып бара жатады. Жағалауда отырған екі досы оларды құтқаруға секіреді. Бірақ, көмекке асыққан жігіттердің тек біреуі ғана жағаға шыққан. Бір жігіт шықпай қалған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”