Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Достарым қалжыңдап жатыр деп ойладым”: Алматылық азамат 14,5 млн теңге тұратын су жаңа автокөлік ұтып алды

Кімде кім болмасын сәттілік серік болып, құнды сыйлық ұтып алуды армандаған шығар? Осындайда көптеген адам үшін лотерея билеттері үміт пен арманның қайнар көзіне айналады. Себебі лотереяда автокөлік, пәтер ұтып алу туралы шынайы оқиғалар шабыттандырады және бақыт біз ойламаған жерден күтіп тұратынын дәлелдейді. Осы ретте біз “Сәтті Жұлдыз" лотереясына қатысып, Haval Н6 су жаңа автокөлігін ұтып алған алматылық азаматпен тілдесіп, сәттілікке жетудегі құпиясын сұрадық.

37 жастағы алматылық Роман Ложников өмірінің бір-ақ сәтте өзгергенін айтады. “Сәтті Жұлдыз” ұсынған LOTO 6/49 лотереясына қатысу үшін, билет сатып алған ол арада бірнеше күн өткен соң Haval Н6 автокөлігін ұтып алғанын білген. 

Роман -  инженер маманы. Электр станцияларына қызмет ұсынумен айналысады. Сөзінше, ұтыс ойындарына жиі қатысады, бірақ лотерея билеттерін сатып алса да үлкен ұтысқа үміттенбеген. Алайда соңғы билет оның өмірін өзгертіп, жаңа тұлпардың иесі атандырды. 

“Әдетте айына бір-екі рет билет сатып алып, ұтысқа қатысып отырамын. Осы уақытқа дейін қомақты ұтыс шықпаған. Билет сатып алуға айына 12-20 мың теңге аралығында жұмсаймын. Оның бәрі азын-аулақ сыйлықтармен қайтады.

Ал автокөлік күтпеген тосынсый болды. Маған хабарласып, көлік ұтып алғанымды айтқанда, көз жетпейінше сенбедім”, - дейді ол жеңімпаз атану туралы хабарды естігені туралы.

Дегенмен Роман көліктің орнына 14,5 млн теңге көлеміндегі ұтысты қаржылай алуды жөн көрген.

“Отбасылымын, үш баланың әкесімін. Жеке автокөлігіміз бар. Сондықтан  ақшаны тұрғын үйімізді ұлғайтуға жұмсаған дұрыс деп ойлаймын”, - дейді алматылық азамат. 

Ол бұл хабарды әлі ешкіммен бөліспегенін айтады. 

“Осының бәрін қорытып алған соң бүгіннен қалдырмай жақындарыма хабарлаймын. 

Туған күнім қарсаңында хабарласқан соң, достарым қалжыңдап жатыр деп ойладым. Бәрін тексермейінше, ұтыстың шынайы екеніне сенімсіздік таныттым”, - дейді ол.

Автокөлік Роман үшін тек көлік құралы ғана емес, өз-өзіне сенімділік пен сәттіліктің символына айналды. 

“Лотереяға қатысыңыздар, үміттеріңіз үзілмесін!  Қанжығаларыңызды майлап қайтуға әбден болады!”, - деп тілек білдірді ол.

Романның лотереяда автокөлік ұтып алу оқиғасы бізге армандау мен мақсат қоюдың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Әрбір лотерея билеті жаңа өмірге нық қадам бола алады және дәл осы нәрсе лотерея ұтысына қатысу процесін қызықты әрі әсерлі етеді. 

Айта кетейік, “Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотереясы тағы бір жақсы жаңалық жариялады. Қазақстандықтардың "Telebingo" тираждық лотереясында "Пәтер" ЛотоЖиынтығы ұтысына қатысып, пәтер ұтып алуға мүмкіндігі бар.

Мұнда әрбір ЛотоЖинағы 5 TeleBingo билеттерінен тұрады және олар пәтер ұтысының ойынына қатыса алады.

Арманыңыздағы пәтерге қолжеткізу мақсатында бағыңызды сынап көріңіз! Егер 3500 теңгеге 5 билет алсаңыз, жиынтығы 362 млн теңгеге жететін джекпотты ұтып алуыңыз мүмкін. Ұтыс ойыны жексенбі, 8 қазанда, сағат 09:00 31 арнаның тікелей эфирінде көрсетіледі.

Әлеуметтік жауапкершілік негізінде ойыннан түскен қаржының 10%-ы отандық спортты дамытуға, тағы 10%-ы "Қазақстан халқына" қорына жіберіледі.

Талқылау