Досын жұмысына алып барған ер адам күтпеген жерден миллионерге айналды
Американың Шелби қаласының тұрғыны қызмет үшін досынан алған ақшаға лотерея билеттерін сатып алып, төрт миллион доллар жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зейнеттегі өрт сөндіруші Кеннет Крюс кейде жеке автокөлігі жоқ досын жұмысына дейін апарып жүрді. Әдетте ол досы ұсынған ақшадан бас тартқан, бірақ бір күні жаңбырлы жауқан кезде досы Крюстен 60 доллар (27 мың теңге) алуды талап етіп, оған осы ақшаға лоторея ойнау ұсынған.
Крюс досының кеңесіне құлақ асып, жергілікті дүкеннен әрқайсысы 20 доллардан (9 мың теңге) үш лотерея билетін сатып алды. Бірінші билеттен ештеңе ұтып алған жоқ, екіншісі оған 30 доллар (13 мың теңге) жүлде әкелді, ал үшіншісінен төрт миллион доллар (1 млрд 800 мың теңге) жеңді.
Жеңімпаз бұл ақшамен өзіне жаңа үй салуды және туыстарының төлемдерін төлеуге көмектесуді жоспарлап отыр.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"