"Досымның қарындасы": Әділет Майғазиев жарымен қалай танысқанын баяндады
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет сүйіктісімен қалай танысқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің ұлы жарын Маңғыстау өңірінен тапқан.
“Бір жыл бұрын Ақтауда таныстық. Берекет деген досым кофехана ашқан. Әкем, көмекшісі, мен – үшеуіміз қолдау білдіріп бардық. Сол кезде көрдім. Сырттай көріп, ұнатып қалдым. Бірақ ол ашылуда танысқан жоқпыз. Содан арамыз үзіліп қалды. Бір күні Берекет досым үйленетін болды. Сол тойға ата-анаммен бардық. Әдия – досымның жақын қарындасы. Досымның туысқаны болғасын бірден сөзге тартып, танысып кете алмадым. Үйлену тойдан кейін жастар шағын басқосуға жиналдық. Біздің жақын танысуымызға да сол кеш себеп болды. Ертеңіне Берекеттің үйіне менің ата-анам, өзінің туыстары жиналды. Дастарханда Әдия менің жаныма отырып қалды. Сыртқа шыққанда оның аяқкиімін әпердім. Оған қамқорлық жасағым келді. Содан бері дос болып араласа бастадық. Міне, шаңырақ көтердік”, – деді Әділет.
-
"Сәкеннің келіні болудың өзі – мәһр": Сәкен Майғазиевтің келіні мәһрге не сұрағаны белгілі болды
-
"800 адамды басқару оңай емес": Сәкен Майғазиев тойға келетін 100 адамды тізімнен алып тастады
Еске салайық, әншінің келіні Жаңаөзеннің тумасы екенін айтқан еді.
“Әділетпен араласып жүргенімізге 9 ай болады. Бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз. Жасым 20-да. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде туғанмын. Кейін Ақтау қаласына көштік. Қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Мамандығым – қонақүй бизнесі. Колледж бітіргенмін. Болашақта ЖОО-ға түскім келеді. Енемен тұруға қатысты көзқарасым – бейтарап. Маған көп адам болып шай ішкен ұнайды. Өзімнің де інім бар. Сондықтан ене тақырыбын жақсы түсінемін”, – деген еді Әдия Мәулен.

"Күйеуім бала көтертпеу үшін вазэктомия жасатты": Екі баласымен корей азаматына күйеуге шыққан әйелдің өмірі қалай өзгерді
