Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Досы жауына айналды": Гүлзира Айдарбекова 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді

Танымал продюсер, кәсіпкер Гүлзира Айдарбекова ұшақта шу шығарып, 15 тәулікке қамалған ұлы Қайрат Нұртастың ісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Айта кетейік, Көліктегі полиция департаменті қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың ұшақта бұзақылық жасап, үстінен іс қозғалғанын мәлімдеді. 

“Түске дейін, анасы қандай күйде деп мазалауға ыңғайсыздық танытып, сіздердің де жүректеріңіз тыным бермей, түс ауа қоңыраулар мен смс-тер еш тоқтаған жоқ. Иә, журналистерге де хайп табылып, бірі сауап болды деп күлкіге қарық болып, жандары рахаттанып ойларына келгенін жазса, 90 пайыз халық жанашырлықпен жүректері жылап жатты. Алғашында түннен аман шығам ба жоқ па дедім рас, құр сүлдем қалғандай, жанарым бір нүктеге қадалып, ұзақ отырдым, ішім өртенді, күйдім-жандым, рас. Жолдасымның, бала-шаға, ағайын, достарымның уайымы ұлымнан бұрын мен болғанымды да сезіндім. Болмаған соң Нүрекең телефон соғып ұрыса бастады, “елдің балаларында одан да ауыр сынақ болып жатқандары бар, ер азамат болған соң басынан бәрі өтеді, еңсеңді көтер, сен мықты болуың керек деді", – деп жазды продюсер.



Сонымен қатар өнер өкілі әншінің досына да өкпе-назы барын жасырмады. Тіпті, кез келген адаммен дос бола бермеуді ескерткен сәтін де есіне алды. 

“Ұлымның сот процесі басталысымен көмекшісіне қарап, мамам жыламасыншы деп ымдап түсіндіріп жатқанын көріп, көзімнің жасына ерік бердім, бірақ ұлыма көрсетпедім. Жанына жақын ұстап, үстіндегі киімдеріне дейін шешіп беріп, қимас дүниесі мен ақшасына дейін бөлісіп, бауырым деп жақын тұтып жүрген досы, бір сәтте жауына айналады деп кім ойлаған. Менің де көргенім көп, балам, бәріне ақ жүрегіңмен сенім артып, жаныңа жинап, үйге алып келе бермеші деп айтқан кездерім де жоқ емес, оның үстіне көп нәрсенің құрбаны болуға ел алдында жүргенінің де әсері тиерін ана жүрегім сезбейді емес. Ұлыма бар тілерім: сағы сынбай, жүзінде мұң болмай, Алла амандық пен сабыр берсін! Ал сіздерге тілерім: ешбір ананы құдай баласымен сынамасын", – деп жазды ол. 

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Нұртас істің мән-жайын айтып берген еді. 

Талқылау