DOSCAR ТМД елдерінде жаңа стандарттар орнатып, Шымкентте бірегей Kia автосалонын ашты
Биыл Республика күніне орай Шымкент қаласында маңызды оқиға орын алды. Қазақстандық DOSCAR автомобиль компаниясы соңғы әлемдік талаптарға сай келетін әрі ТМД-дағы бірегей және ірі корей бренді Kia дилерлік орталығының салтанатты ашылуын өткізді.
DOSCAR – тәуелсіз компаниялар тобы, қазіргі уақытта Kia, Chevrolet, Jac, Jetour, HongQi автомобиль брендтерінің ресми дилері және Қазақстанның 8 қаласында 16 автосалоны бар.
Өз саласындағы кәсіпқойлардың бірлескен күш-жігерінің арқасында DOSCAR нарықтағы көшбасшылардың біріне айналды және аз уақыт ішінде Қазақстанның авторитейл саласының үздік үштігіне кірді!
Бәйдібек би даңғылындағы жаңа Kia DOSCAR – жалпы көлемі 3,8 га жерде орналасқан үш автосалон кешендегі алғашқысы, оның жеке инвестициясының жалпы көлемі 6,5 миллиард теңгеден асады. Жалпы кешен 400-ден аса жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.
Автосалон Kia брендінің концепциясын бейнелейтін және тұтынушылар үшін теңдесі жоқ жайлылық жасайтын ауқымдылығымен, текстурасымен таңғалдырады.
Сонымен қатар 4105 м2 жерде 135 жоғары білікті маманға ең тамаша жұмыс жағдайлары жасалды, озық шетелдік технологиялар мен инновациялық жабдықтар енгізілді. Бұл клиенттерге автокөліктерді сатып алу және сервис көрсету бойынша қызметтердің толық спектрін ұсынуға мүмкіндік береді. Бұған шара қонақтары да куә болды.
Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімдігі, көптеген танымал тұлғалар, түрлі компаниялардың топ-менеджменті қатысып, құттықтады. Құттықтау сөзде мұндай орталықтар қаланың туристік және инвестициялық әлеуетін арттыра отырып, мультипликативті нәтиже беретіндігі айтылды.
Қызыл лентаны қию ресми рәсімінен кейін қонақтар әсерлі шоу-бағдарламаны, кештің хедлайнері – әнші Назиманың өнерін тамашалады.
DOSCAR басшылығының айтуынша, компания мұнымен тоқтап қалмай, желіні кеңейтуге және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға инвестиция салуды жалғастыруда, яғни жақын арада еліміздің әртүрлі аймағында осындай инновациялық дилерлік орталықтардың ашылуына куә боламыз!