Досаев Алматыдағы төрт ауданның әкімін ауыстырды
Алматыдағы төрт ауданға жаңа әкім тағайындалды. Ерболат Досаев Президент Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша оларды ұжымға таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Әкімдік дерегіне сүйенсек, Наурызбай, Әуезов, Бостандық және Алмалы аудандарының әкімдері жаңадан тағайындалған.
Яғни Бостандық ауданының әкімі Санджар Алин болды. Тағайындалғанға дейін ол энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Ал Наурызбай ауданының әкімі болып Назира Тоғызбаева тағайындалды. Ол 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
Әуезов ауданының әкімі қызметіне Абзал Егембердиев тағайындалды. 2022 жылдың тамыз айынан бастап А. Егембердиев қаланың мемлекеттік активтер басқармасын басқарған.
Алмалы ауданын Айдар Жақыбаев басқарады. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болды.
Аталмыш ауданды бұған дейін басқарған әкімдердің қазір қандай қызметке барғаны белгісіз.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
