Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Допша дөңгелетіп": Мейрамбек Бесбаев жаңа басшыны жер көкке сыйғызбай мақтады

Мейрамбек Бесбаев жаңа басшыны жер көкке сыйғызбай мақтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Допша дөңгелетіп: Мейрамбек Бесбаев жаңа басшыны жер көкке сыйғызбай мақтады

"МұзАрт" тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев Нұр-Сұлтан қаласының жаңа әкімі Алтай Көлгіновпен түскен суретін желідегі парақшасына жүктеп, жазба қалдырған. Басшыны жер көкке сыйғызбай мақтаған өнер иесі Көлгіновтың жақсы қасиеттерін жіпке тізіп шыққан. 

Сонымен қатар, Мейрамбек Бесбаев Алтай Көлгіновтың білімі мен біліктілігі ұштасқан мықты маман екенін де тілге тиек етті. Ол жаңа басшыға тек жақсылық тілейтінін жеткізген. 

"Бас қаламыздың жаңа басшысы Алтай Көлгінов мырзамен. Кез келген істі ұршықша иіріп, допша дөңгелетіп алып кететін нағыз азамат. "Ұлтқа қызмет ету білімнен емес мінезден", - дейді Әлихан Бөкейханов атамыз. Білімі де, мінезі де бар, ұлтқа жаны ашитын жігіттің нақ өзі. Жанұяңа ырыс-құт, заманымызға тыныштық тілеймін!"- дейді Мейрамбек Бесбаев. 

Талқылау