Допинг қолданды деп айыпталған қазақстандық атлет Нора Джеруто ақталып шықты
Қазақстанның жеңіл атлетикадан алғашқы әлем чемпионы Нору Джерутоның допинг қолданбағаны дәлелденді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Допинг қолданды деген күдікке ілінген желаяқ толық ақталып шықты.
"Сәуірде допинг қолданды деп айып тағылып, барлық жарыстардан шеттетілген клубымыздың спортшысы Тануи Нора Джеруто ақталып шықьты", – деп мәлімдеді Аltay athletics клубы.
Нора Джеруто жеңіл атлетикадан 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіріп, Қазақстанға 2022 жылы алғаш жеңіс сыйлаған еді. Ол жеке нәтиже бойынша 3000 метрге жүгіруден үздік үштікке енді.
27 жастағы Джеруто Қазақстан азаматтығын 2018 жылы алған.
Бұған дейін ол допинг қолданды деген күдікке ілінді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”