Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Доминикан Республикасында түнгі клубта қаза тапқандар саны 221-ге жетті

Доминикан Республикасында түнгі клуб шатырының опырылуы салдарынан қаза тапқандар саны 221-ге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Diario Libre сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: the-sun.com

Төтенше жағдай қызметкерлері қайғылы оқиға болған ел астанасы Санто-Домингодағы Jet Set клубының аумағын тазартып жатыр. Құтқару және жедел жәрдем топтары орналасқан шатырлар алып тасталды. Бірақ қауіпсіздік қызметкерлері апат аймағына адамдарды кіргізбеу үшін оқиға орнында қалды.



Төтенше жағдайларды басқару орталығының басшысы, генерал Хуан Мануэль Мендес екі күнге созылған құтқару операциясын ұйымды басқарған 20 жылдағы "ең қиын тапсырма" деп атады.

Айта кетейік, бұған дейін 8 сәуір күні Доминикан республикасында түнгі клубтың шатыры опырылып, 79 адам қаза тапқан еді. Jet Set мекемесінің төбесі әйгілі әнші Рубби Перес ән айтып жатқан кезде  опырылып түскен. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 500-1000 арасында келушілер болған.

Талқылау