Доллардың теңгеге шаққандағы курсы рекорд орнатты
Доллардың теңгеге шаққандағы курсы рекорд орнатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан қор биржасында Алматы уақытымен сағат 11:00-де қытайлық юаньді сату күнін ескеріп, қытай юаніне қатысты валюталық свопты есепке ала отырып саудалау аяқталды.
Орта есеппен АҚШ долларының курсы бір долларға шаққанда 384,85 теңгені құрайды (+0,45). Бұл - қор биржасындағы саудалауда болған жаңа рекордтық көрсеткіш.
Сұраныс бір юань үшін 55,9500 теңгені құраса, ұсыныс - 56,0200 теңгені көрсетті.
Еуро мен рубль бойынша саудалау әлі болмағанын ескертеміз.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді