Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Доллардың ресми бағамы өсті

Доллардың теңгеге қатысты бағамы өсті. Ұлттық банк 14 қаңтарға арналған доллар бағамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы айда доллар тағы 7 теңгеге қымбаттай ма? Сарапшылар жауап берді

Америкалық валютаның бейсенбідегі ресми бағамы 419,15 теңгеге тең болады. 12 қаңтарға доллардың теңгеге қатысты бағамы 419,13 теңгені құрағанын ескеріңіз.

KASE биржасындағы кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа алынған бағамы бір күнде 1,21 теңгеге төмендеп, 419,10 теңгені құрады.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатудың орташа бағамы 420,39 теңгені, сатып алу - 418,86 құрайды.

Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде америкалық валюта орташа есеппен 420,27-ге сатылады, ал 419,17 теңгеден сатып алынады.

Айта кетейік, сарапшылар теңге бағамы жайлы болжам жасаған еді.

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 13 Қаңтар, 2021 19:00
Талқылау