Доллар тағы арзандады
Қазақстандық KASE қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 436,87 теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сауда қатысушылары теңге-доллар жұбымен жалпы сомасы 128,3 млн долларға 284 мәміле жасады. Бұл кешегі күнмен салыстырғанда 41,8 млн долларға артық. Ол кезде доллардың орташа сараланған бағамы 441,65 теңге болған еді.
kurs.kz порталының мәліметінше, айырбастау пунктері долларды орташа есеппен 439-443 теңгеден сатып алып, 441-447 теңгеге сатып жатыр.
Рубльдің орташа бағамы 6,27 теңге болды. Сауда қатысушылары теңге-рубль жұбымен 1,69 млрд рубльге 70 келісім жасады. Бұл бір күн бұрынғыға қарағанда 6,5 млрд рубльге аз.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ