Доллар тағы 5 теңгеге қымбаттады
Фото: depositphotos.com
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар 5 теңгеге қымбаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,53 теңгеге қымбаттап, 514,74 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша бір доллар – 508,3 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 517,51 теңгеден сатып алынады, 520,11 теңгеден сатылады. Еуро 597,81 – 603,81 теңге, ал рубль 6,57 – 6,70 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,88 теңгеден сатып алынады, 74,71 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 514,82 теңгеден сатып алынады, 521,82 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 595,72 теңге, сату - 605,72 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,59 теңге, сату - 6,75 теңге.
- юань: сатып алу - 72,78 теңге, сату - 77,08 теңге.
Еске салайық, бұған дейін 4 желтоқсан, 15:30-дағы сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 499,65 теңгеге дейін түскен еді.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады