Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Доллар курсы тағы да қымбаттады

Қазақстан қор биржасы (KASE) сағат 11:00-де доллардың орташа алынған бағамы 1,26 теңгеге көтеріліп, 424,7 теңгені құрады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы айда доллар тағы 7 теңгеге қымбаттай ма? Сарапшылар жауап берді

Айта кету керек, күндізгі сауда-саттықтағы еуро бағамы 0,20 теңгеге төмендеп, 498,7 теңгені құрады.

Айырбастау пункттерінде долларды 424 теңгеге сатып алып, 425,5 теңгеден сатылды. Еуро 495 теңгеге сатып алып, 499 теңгеден сатылды. Ресей рублі 5,65 теңгеге сатып алып, 5,61 теңгеге сатылды.

Сонымен қатар, WTI шикі мұнайының бағасы 23 қыркүйектегі сауда кезінде өсті. 

Осылайша, WTI маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстері 0,74% көтеріліп, барреліне 39,60 долларға жетті.

Brent маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстері 0,67% төмендеп, барреліне 41,44 доллар болды. 

Талқылау