Доллар бағасы тағы қымбаттай түсті
Бүгін қор биржасының күндізгі саудасында 1 АҚШ доллары 351,81 теңге болған. Айырбастау нүктелерінде доллар бағасы 355 теңгеден асқан. Көп қалаларда АҚШ долларының тапшылығы байқалуда.
Экономикалық сарапшылар мұнай бағасы түскен сайын теңгенің құнсызданатынын ескерткен еді.
Нью-Йорк биржасындағы сауда нәтижесінде Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 33 доллар 37 центке дейін арзандап, соңғы рет 2004 жылы тіркелген межеге дейін түскен.
Талқылау