Доллар бағамы тағы да өсті
Қазақстан қор биржасында сауда-саттық қайта бfсталды. Бұл жолы доллар бағамы 510 теңгеге жетіп, жаңа антирекорд жаңартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
5 наурызда доллардың бағамы 500 теңгеден асты. Айырбастау пунктерінде бір доллар 505,5 теңгеге сатып алынса, сату бағасы 520 теңге болған.
Ал 6-9 мамырдағы ұлттық банктің ресми бағамы бір доллар үшін 503,30 теңге болып белгіленген еді. Осылайша, доллар тағы 6,21 теңгеге қымбаттады.
Бүгін Қазақстанның қор биржасы (KASE) мен ұлттық банк сауда-саттық регламентін өзгертіп, теңге-доллар саудасын 15:00-ге ауыстырған болатын.
Бұл шара валюта нарығындағы тұрақсыздықтың алдын алу мақсатында қабылданды. Өйткені жоғары құбылмалылық пен сыртқы факторлар қысымы болып отыр.
Қазір ақша айырбастау пункттерінде доллар 518,5-524,5 теңгеге сатылып жатыр.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді