Доллар бағамы KASE биржасында 500 теңгеден төмендеді

Фото: Depositphotos.com
4 желтоқсан сағат 15:30-да доллар 499,65 теңгеге дейін төмендеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
KASE биржасында доллар 500 теңгеден төмен түсті.
4 желтоқсанда, сағат 15:38-де MIG айырбастау пункттерінде долларды сатып алу және сату бағамдары сәйкесінше 502,1 теңге және 504,7 теңге болды. Кurs.kz сайтының мәліметі бойынша, Алматы айырбастау пункттерінде сағат 15:55-те долларды сатып алудың орташа өлшенген бағамы шамамен 501,5 теңге, ал сату бағамы 504,1 теңгеге жетті.
Үкімет Қазақстандағы доллар бағамына қатысты болжам жасады
Ұлттық банктің ресми айырбастау бағамы – Қазақстан қор биржасында Астана уақыты бойынша сағат 15:30-да белгіленген теңгенің долларға шаққандағы айырбастау бағамы. Бұл өлшенген орташа бағам сауда сессиясынан кейінгі келесі жұмыс күніндегі ұлттық валютаның долларға шаққандағы ресми бағамы ретінде белгіленеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық сарапшылар доллар бағамына болжам жасағаны туралы жазған едік.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді