Доллар бағамы 8 теңгеге көтерілді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) жағдай бойынша, жұма күні америкалық валюта 7,76 теңгеге қымбаттап, доллардың орташа бағамы бір бірлік үшін 435,58 теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы тәулігіне 0,14 теңгеге көтеріліп, 6,62 теңгеге жетті.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы тағы 1,21 теңгеге түсіп, 64,1 теңгені құрады. Сауда көлемі – 2,4 млн юань.
Кешегі кешкі сауданың қорытындысы бойынша, еуроның орташа сараланған бағамы 454,73 теңгеге дейін төмендеді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 437-443 теңге, еуро 455-463 теңге, ресей рублі 5,8-6,05 теңге аралығында сатылуда.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді