Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теңгенің бірден құнсыздануына не әсер етті – Қаржы сарапшылары жауап берді

доллар нығайып, теңге әлсіредіФото: Видеодан скрин

Қазақстанда доллар бағамы жаңа тарихи көрсеткішке жетті. Бір күнде ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 6 теңге 24 тиынға арзандады. Биржадағы ресми сауданың қорытындысы бойынша, баға рекордтық деңгейде 532 теңге 74 тиынға шоғырланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Теңге өткен аптада позициясын жоғалта бастады. Сарапшылардың айтуынша, мұнайдың әлемдік бағасы біздің валютаға барынша қысым жасап отыр. Ол өзінің ең төменгі мәніне дейін төмендеді. Еңбек демалысының басталуы ұлттық валюта үшін жақсы нәтиже бермеді. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін сатып алынатын тауарлардың импорты есебінен де долларға сұраныс артты.



Жыл басынан бері доллар негізгі әлемдік валюталарға қатысты 2%-ға жуық өсім көрсетті. Бұл оның біздің нарықтағы орнын нығайтты. Рубль мен еуро да айтарлықтай өсті.

Экономист Арман Байғановтың сөзінше, теңгенің 500-ден төмен түсуі екіталай.  

"Меніңше, теңгенің бір долларға шаққандағы есебі 500-ден төмен түсуі екіталай. Бірақ бірте-бірте әлсіреу болады. Жыл соңына дейін 600-ге жетуі мүмкін. Ал еуро болашақта әлсіреуі ықтимал. Өйткені Еуропада экономикалық көрсеткіштер жақсы емес. Рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы рекордтық деңгейге дейін нығайды. Рубльдің 7 теңгеге жақындауы әбден мүмкін", – деді экономист.

Ал экономист Марат Әбдірахмановтың сөзінше, теңгенің бір долларға шаққандағы есебі жыл соңына дейін 600-ден асады. 

"Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 600-ден асары сөзсіз. Бізде Ұлттық банк екінші деңгейлі банк арқылы экономиканы несиелендіруге болатын қайта қаржыландыру мөлшерлемесі жоқ. Елімізде пайыздық мөлшерлемелер мен экономиканың мемлекеттік қарыз бойынша табыстылығы арасында ешқандай байланыс жоқ. Барлық қарыздар базалық мөлшерлемеге байланысты. Несие берудің мұндай мөлшерлемесі импортты ғана ынталандыратындықтан, отандық өндіріс төмендейді, яғни теңгенің құнын қамтамасыз етеді", – деді экономист Марат Әбдірахманов.

Қаржы сарапшысы Алмат Орақбай жеке кәсіпкер қарызы болса, доллар сатып алуы қажет екенін айтты. 

“Егер жеке кәсіпкердің қарызы болса, ол әрине доллар сатып алуы керек. Кей жағдайларда бұл тіпті қажет болмауы мүмкін. Ол валюта нарығы мен шикізат нарығының одан әрі динамикасын, сондай-ақ теңге бағамына әсер ететін басқа да факторларды бақылап отыруы керек”, – деді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының жетекші талдаушысы Алмат Орақбай. 
 

Айта кетейік, бұған дейін Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы рекордық деңгейге жеткені туралы жазған едік.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 18 Шілде, 2025 14:46
Талқылау