Доллар 430 теңге бола ма: Ұлттық Банк төрағасы жауап берді
Долларды 430 теңге болады дегендер қоғамда тұрақсыздық орнатқысы келетіндер. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ақша-несие саясаты, қаржылық қызметтегі құқықтарды қорғау туралы онлайн конференцияда айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, еркін айырбас бағамы бірнеше факторларға байланысты ауытқиды. Әбден тұрақты айырбас бағамына үйренген қоғам ол туралы кез келген ақпаратқа бей жай қарамайды. Сондықтан, қазақстандықтардың қызығушылығы туған сайын осы тақырыпта пікір айтатын сарапшыларда көбейді.
«Өкінішке орай, 2015 жылғы деваливациядан кейін айырбас бағамы туралы жаңалықтар халыққа жағымсыз ой қалыптастырды. Қанша жерден біліксіз болса да жағдайдың нашарлағаны туралы айтқан сарапшылар сұнысқа ие болып барады. Біздіңше, ондай сарапшылардың мақсаты – Ұлттық банктің жұмысын сынға алып, қоғамды тұрақсыздандыру. Сондықтан қоғамның жаңа ақша-несие саясаты режиміне үйренуіне көп уақыт кетеді», – дейді Ақышев.
Ұлттық банк төрағасы ақша нарығының қалпына келтірілгенін айтты. Халық та оған біртіндеп үйренуде. Сонымен қатар, ол ақша-несие саясатының құралдары мен оның механизмінің біртіндеп қалпына келетініне сендірді.
“Теңге курсы ірі факторларға байланысты өзгереді. Мысалы, ірі сауда базарларының бағасы, Қазақстан экономикасымен тікелей байланысы бар елдердің валюта бағамы және негізгі сауда серіктестеріне байланысты ауытқиды. Өткен жылдың күзінде әртүрлі мәлімдемелердің әсерінен курс өзгерді, бірақ біз сол кезде мұндай факторлар жоқ екенін ескерттік.
Сол кезде қоғам мұндай мәлімдемеге күмәнмен қарады. Бірақ Қазақстан экономикасы тұрақтады. Қазір экономикасы жақсарып келеді. Сондықтан 2018 жылғы Қазақстан экономикасы тұрақты болады және тәуекелді қажет ететін жағдайлар болмайды деп есептеймін. Айырбас бағамы бойынша айтарлықтай өзгерістер күтпеймін», – деді Ақышев.
Тағы оқыңыз:
Депутат мұғалімдерге пайызсыз несие беруді ұсынды
Сағадиев Қазақстан мектептерінің латын әліпбиіне қалай ауысатыны жайлы айтты
Министр: Апострофпен компьютерде жұмыс істеу қиын
Тarıhı oqıǵa: Қасым-Жомарт Тоқаев халықты жаңа әліпбимен құттықтады