5 тамыздағы саудада доллар 4 теңгеге арзандады
Фото: afk.kz
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,98 теңгеге төмендеп, 537,53 теңге болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Kurs.kz мәліметіне сүйенсек, қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 537,43 теңгеге сатып алынып, 539,64 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 534,72 теңгеге сатып алынып, 541,54 теңгеден сатылуда.
Ал Ұлттық банк белгілеген доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамы – 541,82 теңге.
Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда доллар бағамы төмендейді деген болжам жасаған.
"Менің ойымша, ұлттық банк бұл үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және нарықтың өзі де солай жұмыс істейді", – деді Скляр.
30 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда барысында доллар бағамы 551 теңгеге дейін көтерілген еді. Ұлттық банк интервенция жүргізгеннен кейін теңге нығая түсті.

"Денесін күйдіріп, саусағын сындырып, тиын жұтуға мәжбүрлеген": Балқашта ер адам 8 жасар баланы соққыға жықты деп айыпталды
