Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дмитрий Бивол жартылай ауыр салмақтың абсолютті чемпионы атанды

Өткен сенбіде Эр-Рияд қаласында кәсіпқой бокстан жартылай ауыр салмақта ресейлік Артур Бетербиев пен экс-әлем чемпионы Дмитрий Бивол арасында реванш кездесу өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: sovsport

Бұл жекпе-жекті көрерменнің күтіп жүргеніне біраз уақыт болған. Қос мықтының алғашқы кездесуі 2024 жылдың қазан айында өткен еді. Ол кезде Бетербиев ұпай санымен жеңіске жеткен болатын. Бивол сол жарыста кәсіпқой бокс мансабында алғаш рет жеңілді.

Реванш Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта өтті. Жекпе-жекке жартылай ауыр салмақтағы бетербиевтің барлық белбеулері тігілді. Нәтижесінде Дмитрий Бивол өткен кездесуде кеткен есені қайтарды. Төрешілер шешімі 114-114, 116-112, 115-113. Бивол ұтты. Бұл оның карьерасындағы 24 жеңісі. Осылайша 34 жастағы боксшы абслютті әлем чемпионы атанды.

Ал 40 жастағы Артур Бетербиев бокс карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Ол бұған дейін 21 кездесу өткізіп, оның 20 нокаутпен жеңген еді.

Есесіне Бетербиев бұл жекпе-жектен 20 миллион доллар қаражат тапты. Оған алдағы уақытта ақылы транслияциядан түсетін (PPV) пайдадан да беріледі. Алғашқы кездесуде қос боксшы 10 миллион доллардан аса ақша алған еді.

Талқылау