Соңғы жаңалықтар

Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлаған күдікті сот залында жылап жіберді

1986 жылғы күдікті сот отырысында бір жерде екі ұрлық жасағанын мойындады. Ол мұндай қадамға отбасындағы қаржылық қиындықтардың кесірінен барғанын айтып, жылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі inAlmaty басылымына сілтеме жасап. 

"Осылай болды. Мен мұны қаламадым. Дұрыстап өмір сүруге тырыстым. Сол күні мен Discovery Land Rover көлігінің айналарын ұрладым, оларды сатқым келді. Бірақ екі айна сынық болып шықты. Land Cruiser (Дмитрий Баландиннің көлігі — ред.) айналарын ұрлап, үйіме алып келдім. Үйден шығып бара жатқанымда мені полиция қызметкерлері тұтқындады", — деді ол. Өз қылмысын мойындау барысында ер адам көз жасына ерік берді. 

Күдікті Land Rover Discovery көлігінің иесіне 300 мың теңге көлемінде, ал олимпада чемпионы Дмитрий Баландинге, 465 мың теңге көлемінде шығын келтірді. Ер адам бір тараптың шығынын толығымен өтеді. 

Қазіргі уақытта екі факт негізінде ҚР ҚК 188 бабы (Ұрлық) бойынша іс қозғалып жатыр. Осыған дейін қаскүнем мүлік ұрлағаны үшін сотталған. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр