Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дмитрий Баландин жеңісін барша қазақстандықтар тойлайтынын айтты

Жүзуден Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин жеңісін барша Қазақстан жұртшылығы тойлайтынын мәлімдеді.

вести
Бүл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Бүгін менің жеңісімді барша қазақстандықтар тойлайды деп ойлаймын. Негізі алтынға қол жеткізгеніме аса таңғалған жоқпын. Біз осы жеңісті көздедік және мақсатымызға жеттік”, – деді Баландин журналистерге берген сұхбатында.

“Шынымды айтсам, бұл Қазақстан қоржынына жүзуден түскен алғашқы алтын медаль екенін әлі сезініп үлгермедім”, – деп жалғады сөзін Олимпиада чемпионы.

Дмитрий Баландин сәрсенбі күні 200 метр қашықтыққа жүзуден финалдық сайыста чемпион атанды.

Назарларыңызға Олимпиада чемпионының журналистерге берген эксклюзивті сұхбатын ұсынамыз.

Журналист: – Дмитрий, Олимпиада чемпионы болғаныңды түсініп тұрсың ба?

Дмитрий: – Иә, әрине. Шынында да керемет! Александр Кораблин есімді спортшы бар. Осыдан тура үш жыл бұрын әлем біріншілігі өтіп жатты. Ол кезде мен жас спортшы едім, қазір де кәрі емес шығармын (күлді). Ол уақытта бізге финалға тұрмақ, жартылай финалға өту арман болатын. Кешкісін Александр екеуміз жеңімпазды марапаттау сәтінің куә болдық. Бүкіл стадион қошеметтеп, спортшыларға қолдау көрсетті. Шынымды айтсам, қай спортшыға екені есімде де емес. Сол кезде осындай бір сәтті бастан өткеру үшін өмір бойы тер төгуге тұратынын ойладым. Және бүгін соны сезінгеніме өте қуаныштымын. Қолдау көрсеткен, маған жанкүйер болған  барша халыққа алғысымды білдіремін. Алға, Қазақстан!

Журналист: – Медаліңді көрсетші! Қандай екен?

Дмитрий: – Міне, мынадай! Салмағы да ауыр. Ауырлығынан ба әлде шаршағандығымнан ба, қолым дірілдеп тұр.

Бразилия астанасында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғауға 104 спортшы аттанған болатын. Қазақстандық спортшылар 26 спорт түрінен 108 лицензия иеленген еді.

Талқылау