Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дмитрий Баландин ел қоржынына Универсиаданың үшінші медалін салды

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Универсиаданың үшінші медалін қоржынға салды.

3a7c006a-8b2c-4098-b6d9-38e680f7182e-768x576

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Қазақстандық жүзуші жазғы Универсиададағы бірінші жарысын үшінші орынмен бастады. Брасс әдісімен 100 метр қашықтыққа жүзуден финалда ол жеңімпаздан сәл ғана қалыс қалып, 1 минут және жүзден 17 көрсеткішімен келді.

Бұл жарысты белорус Илья Шиманович жеңімпаз атанды – 1 минут жүзден 15. Мұндай нәтижені америкалық Эндрю Уилсон көрскеткен, сондықтан фотофиништің көмегі қажет болды.

Бүгін Баландин Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған 200 метр қашықтыққа жүзуден жарысады.

Айта кетейік, өткен Универсиадада ол екі жүлде жеңіп алған еді: алтын медаль (брасс әдісімен 100 метр) және қола медаль (50 метр брасс әдісімен)

Еске салайық, бүгін Қазақстан құрамасы бір алтын медаль алған болатын. Ауыратлет Альберт Линдер 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Универсиаданың екі бірдей рекордын жаңартып, жеңімпаз атанған. Ал оның алдында зілтемірші Арли Чонтей қола медаль иеленген еді.

Оқи отырыңыз:

Қуат Хамитов: Қазақстан футболшылары ешқашан әлем чемпионатында ойнамайды

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

19 жастағы жігіт Астанада 300 келілік «Қажымұқанның тасын» көтеріп жұртты өзіне қаратты

Талқылау