Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуат Хамитов: Қазақстан футболшылары ешқашан әлем чемпионатында ойнамайды

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов бірнеше күн бұрын өзі қозғаған футбол тақырыбына қайта оралды.

787

Бұл жолы да ол өзінің Инстаграм парақшасы арқылы ойын жеткізді.

“Футбол тақырыбына қайта оралып, неге өзің UFC немесе Bellator-да шайқаспайсың деп ақымақ сұрақ қоятындарға жауап бергім келеді. Достар, мен жақында білдім, бізде жыл сайын футболға деп 100 000 000 доллар аударылады екен! Бірақ, осыған қарамастан мен осы күнге дейін жеңілістен басқа ештеңе көрген емеспін. Ешқандай нәтиже жоқ. Және біздің футболшылар ешқашан әлем чемпионатында ойнамайды. Тіпті миллиард доллар бөлсең де 25 ғасырда да ойнамайды біздікілер. Мұндай ақшаға ие адамдардың жеңілуге құқығы жоқ. Егер менің айтқаным дұрыс болмаса сол кезде қабірімнен тұрып келіп кешірім сұраймын бәрінен.

Ал маған келетін болсақ, мен спортта 15 жылдан бері келе жатырмын, оның ішінде 6 жыл ережесіз жекпе-жекпен айналыстым. Осы уақыт ішінде әлемнің 15 елінде 25 кездесу өткіздім. Соның 20-сында жеңдім. Міне, осы уақытта мемлекет маған 500 теңге берген емес. Бірақ, соған қарамастан мен отанымды танытып, туымды көтеріп келемін. Жалғыз! Ал біреулер неге UFC-те күреспейсің дейді. Біз халықтан ақша алып отырған жоқпыз, жол шығыны, тамақ, ұшақ билеті бәрін өзіміз көтереміз. Бірақ, осылай екен деп ешкімге барып шағынып, жылап жатқан жоқпыз, бүкіл қиындықты көтеріп, күресіп келеміз”, – деп жазады ол.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық боксшы WBC-дан жастар арасындағы әлем чемпионы атанды

Илья Ильин науқас балаларға арнап би билеп берді (видео)

Геннадий Головкиннің қолғабы аукционда 9 миллион теңгеге сатылды

“Қазақ жауынгері” Қытайда өткен жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірді

Талқылау