Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дизайнермен соттасып жатқан Меруерт Түсіпбаева шетелге кетіп қалды (видео)

Меруерт Түсіпбаева дизайнер Жадомен арасында өтіп жатқан кезекті сот отырысына тағы да келмей қалды. Тіпті, әнші сот күні жақындаған кезде шетелге ұшып кеткен ұқсайды. Бұдан кейін Жадо өзін кемсіткен әншіні кешірмейтінін мәлімдеді.

zhado-mira

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Танымал қазақстандық сәнгер Жадо өзін “сауатсыз әрі семіз” деп кемсітіп, шошқаға теңеген Түсіпбаеваның үстінен сотқа шағым түсірген болатын. Деректерге сүйенсек, танымал сәнгер Түсіпбаевадан моральдық өтемақы ретінде 20 миллион теңге талап етіп отыр. Алайда әнші айыбын өтемек түгілі, сот отырысына қатысудан бас тартып отыр.

“Мен ойлағам бүгін бір шешімге келеміз деп. Бірақ ол келген жоқ. Енді заң бәрін шешеді”, – дейді Жадо.

Айта кететін жайт, Жадо Меруерт Түсіпбаева сот отырысына келген жағдайда оны кешіретінін айтқан.

“Бұл ақпарат рас. Өйткені біз Меруерт ханым екеуміз 20 жылдан бері таныспыз. Бір шаңырақта, бір өнерде жүрген адамбыз. Ол кісінің жасын сыйладым. Сот алдында сөйлесіп, кешірейін деп ойладым. Ақпарат құралдарының, сот алдында кешірім сұрасын десек, бүгін келмеді. Сондықтан да мен енді білмеймін”, – дейді ашынған дизайнер.

Есте болса, Меруерт Түсіпбаева алғашқы сот отырысына да келмей қалған болатын. Ал ендігі сот отырысы 18 қаңтарға белгіленді.

Айта кетейік, бір топ дизайнерлер отандық бағдарламаға берген сұхбаттарында ең талғамсыз әнші деп Меруерт Түсіпбаеваны атаған. Оны естіген әнші ашуланып кетті. Сөйтіп, Аида Кауменованың алқасын «сапасыз» деп, ел алдында масқаралады. Ал Жодоны дизайнер ретінде қабылдамайтынын, оны білімсіз әрі сауатсыз санайтынын айтты. Сол сияқты оның дене бітіміне қатысты мін тақты. Жадо өзінің ар-намысына сызат түсірген әншінің үстінен сотқа шағым түсірген.

Жіберіп алмаңыз:

Мәдина Сәдуақасова анасын Дубайға апарамын деп ауыртып алған

Баян Есентаева туған күнін қалай атап өтті (фото, видео)

Нұржан Керменбаев: Алғашында келіншегімнің есі дұрыс емес екен деп ойладым

Жәния Джуринская 10 жасар жиеніне құрбысынан өш алуға кеңес берген

 

Талқылау