Дизайнер Кенже өзіне қол жұмсамақ болды
Дизайнер Кенже Девятко қызының жазылмас дертке шалдыққаныны естіген соң дәрі ішіп, есінен танып қалған. Бұл туралы ол КТК “Наша правда” бағдарламасының журналистеріне айтып берді.
Кенженің өзі баяндағандай, ол өзі шығармашылық адам. Ал, шығармашылық адамдардың жүрегі нәзік келеді.
“Қызым – Жер бетіндегі ең жақыным. Ол мені қас-қабағымнан-ақ түсінеді. Дәрігерлер оның аз өмір сүретінін айтты. Мен оның қиналғанын көре алмадым”, – дейді дизайнер.
Кенже үш күн бойы тамақ-су ішпей, күйзеліске түсіпті.
“Дәрігерлердің баласы жайлы анасына осылай айтқаны дұрыс емес. Мен қызымнан бұрын өмірден өткім келді. Жансақтау бөлімінде комада жаттым. Өзімнің не істегенімді толық түсінбедім. Қазір оның өзімшілдік екенін, онымен күресу керегін түсіндім. Осыдан соң аздап жеңілдедім”, – дейді ол.
“Өзіме келген соң, оны емдеуге болатын елдерді іздей бастадым”, – дейді Кенже. Бір дәрігер оған сенімділік ұялатып, күш берген көрінеді. Ол уақытылы және дұрыс ем жасаса, қызына көмектесе алатынын айтқан.
Қазір Кристина 19 жаста. Соңғы екі жылда дертінің беті бері қараған.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтауда сал ауруына шалдыққан қыз аяғының башпайларымен зергерлік бұйымдар жасайды (видео)
Пәтер жалдап жүрген алматылық таксист көлікте қалған 65 мың долларды иесіне қайтарып берген
Астанада қаңғыбас ер адам қардан жүрек жасап жүргіншілерді қуантуға тырысып жүреді