Дияр Нұрғожай UFC-ге жолдама беретін турнирде жекпе-жекке шығады
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Дияр Нұрғожай UFС тұжырымына жолдама беретін Dana White’s Contender Series турниріне қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Eagle FC
Кейінгі жекпе-жегінде әлемнің ең үздік лигаларының бірі саналатын PFL тұжырымының экс-чемпионын нокаутпен ұтқан Дияр Нұрғожай UFС тұжырымымен келісімшарт жасасуға жақын. Отандасымыз қыркүйек айында өтетін Dana White’s Contender Series турниріне қатысады. Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын спортшымыз жекпе-жекте жеңіске жетсе, бірден лигамен келісімшартқа отырады. Бұл турнирде Дияр поляк спортшысына қарсы шығады.
Айта кетейік, Дияр Нұрғожай Eagle FC тұжырымының жартылай ауыр салмақтағы чемпионы болған. Ол 9 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен еді.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді