Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дияр Нұрғожай әлемнің ең үздік лигасының чемпионы болған спортшымен жұдырықтасады

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Дияр Нұрғожай әлемнің ең үздік лигаларының бірі саналатын PFL тұжырымының экс-чемпионына қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Eagle FC

Eagle FC тұжырымының жартылай ауыр салмақтағы чемпионы болған Дияр Нұрғожай (8-0) келесі жекпе-жегін UAE Warriors тұжырымында өткізеді. Жеңілістің дәмін татпаған отандасымыз әлемдегі ең үздік лигалардың бірі саналатын PFL тұжырымында 2019 жылы чемпион болған аргентиналық Эмилиано Сордиге (23-12-1) қарсы жұдырықтасады. Дияр үшін бұл UAE Warriors тұжырымындағы алғашқы жекпе-жек болмақ. Ал Эмилиано тағы бір қазақстандық жауынгер Асылжан Бақытжанұлына қарсы жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңіліп қалған еді. Бұл жекпе-жек 18 мамыр күні, Абу-Даби қаласында өтеді. 


Конор Макгрегордың менеджерімен келісімшартқа отырған спортшы Naiza x Fight Nights турнирінде өнер көрсетеді


Айта кетейік, Дияр Нұрғожай бұл жекпе-жекте жеңіске жетсе, менеджері Саят Абрахманов UFC тұжырымымен келісімшартқа отыру мүмкіндігінің артатынын айтты.  

Талқылау