Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Директоры Қайрат Нұртастың әйелі киноға түседі деген ақпаратты жоққа шығарды

Әнші Қайрат Нұртастың директоры фильмге қатысты Сиви Махмұди берген ақпаратты жоққа шығарды. Десе де, фильмде әншінің әйелі ойнамайды деп кесіп айтпады. Ол Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында әзірге сценарийдің жазылып жатқанын, рөлдердің тағайындалмағанын айтты.

image

Күні кеше Қайрат Нұртастың әйелі әнші туралы фильмде басты рөлді сомдайды деп жұрт шулаған-ды. Бұл жаңалықпен Қайраттың отбасымен етене жақын араласатын Сиви Махмұди бөлісті. Ол тіпті кезекті туындыда әншінің төрт баласы да ойнайтынын айтып өткен болатын. Енді міне әншінің директоры Лаура ханым бұл ақпаратты жоққа шығарды. Десе де, фильмде әйелі мен бала шағасы ойнамайды деп кесіп айтпады.

“Мен Сиви үшін жауап бере алмаймын. Оның не себепті бұлай дегенін де білмеймін. Сыртынан сөйлегім келмейді. Гүлзира Үсенқызы фильмге қатысты ешнәрсе айтпады, сондықтан біз де ақпарат бере алмаймыз. Сценарий әлі жазылып жатқандықтан, ол жерде кімнің қандай рөлде ойнайтыны белгісіз. Кастинг өткізіліп, актерлер де бекітілген жоқ. Кесіп-пішіп ақпарат беретіндей рөлдер де бөлінген жоқ. Актерлер түгілі, тақырып та бекітілмеді. Сценарий қолымда болмағандықтан, ақпарат беруге менің құқығым да жоқ. Бұл журналистердің қулығымен жарияланған жаңалық”, – дейді Лаура ханым.

Жұрттың қызығушылығын тудырған фильм қараша-желтоқсан айларында көрерменге жол тартпақ. Фильмнің режиссері – Рашид Сүлейменов. Ал атқарушы продюсері – Лаура Сейітбек. Фильмнің бас продюсері – “KN Production”.


Оқи отырыңыз:

Сиви: Қайрат Нұртастың жаңа фильмінде басты рөлді әйелі сомдайды

Қазақ эстрадасындағы сүйіктілерін жасыратын жұлдыздар

Айқын өнердегі әріптесі Қайрат Нұртастан кешірім сұрады

Директоры Қайрат Нұртас туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа бермек

Талқылау