“Дипломсыз актер” атанған Дәстен Шәкіров режиссерлікке бет бұрды
Танымал актер Дәстен Шәкіров болса, бұдан былай режиссерлік істі өз қолына алмақ. Алғашқы фильмін жаңа таспалап біткен ол, жұмыс барысында қиындықтардың кездескенін де жасырмайды…
Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.
Қаржыгер мамандығы бойынша оқуын тәмәмдап, біраз жыл сол салада жұмыс істеген Дәстен Шәкіров актерлікке кенеттен келген еді. Енді өнер иесі, өзін тағы жаңа қырынан танытпақ.
«Жалпы бұл, режиссерлік ретінде менің алғашқы жұмысым десе де болады. Енді актер ретінде 2013 жылдан бастап түсіп келе жатырмын, енді осы жұмысты, режиссерлік жұмысты 7 жылдан кейін өз қолыма алып отырмын. Енді бірінші рет қиындау болды», – дейді Дәстен.
Киногерлер қауымы, Дәстен таспалаған фильм отандық кино саласына жаңа леп әкеледі деп сендіруде. Себебі, картина құрылымы жауыр болған жанрлардан мүлде бөлек көрінеді.
«Қазіргі режиссерлардың барлығы комедия мен бандиттер жайлы түсіреді, ал біз болсақ шытырман мистикалық кино түсіргіміз келді», – дейді продюсер Ришат Адильбеков.
Сондай-ақ, «Резерват: Черные копатели» атауына ие болған туынды, бұрын-соңды түртілмеген тақырыпты қозғамақ.
«Бұл фильм «қара» археологтар туралы. Олар осы Алматының үлкен тауларына барып, жалпы алтын іздейді деп айтсақ та болады», – дейді Дәстен.
Бұл фильмде режиссерлік пен актерлікті қатар алып жүрген Дәстеннің, болашақта да екі кеменің басын бірдей ұстап жүре бермек ойы бар.
«Жалпы актерлікті енді өзім тастағым келмейді. Жақсы-жақсы актерлік ұсыныстар болса, актер ретінде де түсе берем. Режиссерлік жұмыс болса да, көре жатармыз. Оны да қолға алатын ойлар бар негізі», – дейді Дәстен.
Ал, көрермен қауым, отандық кино саласындағы жас режиссердің жұмысын келесі жылдың басында бағалай алады..
Жіберіп алмаңыз:
Айдана Меденова жаңа бейнебаянда өзін құтқарған азаматпен көңіл қосты (видео)
Асылхан Төлепов қарттар үйінің ауласын сыпырып, ардагерлердің батасын алды
Спорттық эстафета бастаған Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды (видео)
Ажырасу мен айықпас дерт: Танымалдығын арттыру үшін «жұлдыздар» тағдырын өздері жазып әлек