Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дипломмен ауылға": Солтүстік Қазақстанда түрғын үй несиесін алғандар 77 миллион теңге қарызға батты

Солтүстік Қазақстанда түрғын үй несиесін алғандар 77 миллион теңге қарызға батты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша мемлекеттен баспана алған жас мамандар енді 77 миллион қарызыға батқан. Қазіргі таңда 600-ге тарта азамат берешегін өтей алмай жүр. Ал билік тарапынан бағдарламаның талаптарын қайта қарастыру қажет деген уәж ғана айтылған көрінеді.

Қарызын қайтара алмай жүргендердің қатарында Бескөл ауылының тұрғыны, оқушыларды спортқа баулып жүрген маман Азамат Нұрмолдин бар. Ол "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша ипотекаға баспана алып, үйінің жөндеу жұмыстары жүргізілмегеннен кейін тағы да несие кіруге мәжбүр болған.

"Үш миллион теңге ақша алдым. Сол ақшаға үй алып, сол үйді жөндеу үшін просрочкаға шықтым. Үйдің ремонты бітуге жақын, қазір бүкіл просрочканы жаптым. Енді ақшаны уақытында төлеп жатырмын", - дейді жас маман Азамат Нұрмолдин. 

0,01 пайызбен 15 жылға берілген ипотекаға ай сайын 20 мың теңге төлем жасау керек. Алайда бүігнде бір Қызылжар ауданында 60 адам қарызға кіріп кеткен. Ал облыс бойынша 600-ге тарта маман дәл осылай күй кешіп отыр. 

"Диплом ауылға бағдарламасы аясында елді-мекендерге білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет пен ауыл шаруашылығы саласындағы жас мамандар тартылады. Бұл мамандар ауылды аймақтарға аса қажет болған соң несие беру кезінде олардың несиелік тарихы мен несиені өтеу қабілетіне мән берілмейді. Бүгінде қарыз көлемі 77 миллион теңгеге жуықтады", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы экономика басқарма басшысының орынбасары Тимур Жұматаев.

Талқылау