AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Діни шараларды өткізу үшін енді әкімдікке ескерту жасау қажет

Облыстар мен қалалардың діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі жергілікті атқарушы органдары діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды таратуға арналған арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасуын бекітеді. Сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі хабарламаларды қарастырады.  Арнайы өзгертулерді ҚР Қоғамдық даму министрлігі жасайтын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Стационарлық жайлардың орналасуын бекіту және діни ғимараттардан тыс іс-шараларды өткізу туралы хабарламаны қарау кезінде төмендегі шарттар ескеріледі:

  • "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды таратуға арналған арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасқан жерін бекіту туралы шешім беру" Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес өтініш берушілер ұсынған құжаттар; діни заттар";
  • үй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық-географиялық ерекшеліктеріне;
  • облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы діни ахуал;
  • стационарлық үй-жайлардың және діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуы.

Бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында 10 тамызға дейін жарияланған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр