Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Діни нышандарға қатысы жоқ": Dostyk Plaza есіктегі тыйым салынған белгілерді түсіндірді

Діни нышандарға қатысы жоқ__ Dostyk Plaza есіктегі тыйым салынған белгілерді түсіндірді

Фото: Әлеуметтік желіден

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда ойын-сауық орталығының есігінде оранған әйелдерге қатысты белгі пайда болды. Келушілердің назарын аударған белгі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жапсырмада қызыл және жасыл дөңгелектің ішінде орамалды тағудың түрлері көрсетілген. Желі қолданушыларының бірі мұны Исламға деген құрметсіздік деп білсе, енді бірі орталық әкімшілігінің бұл шарасын қолдады.

Әлеуметтік желідегі қызу талқыдан соң Dostyk Plaza-ның әкімшілігі түсініктеме берді. Айтуынша, бұл белгіні орналастыруға 2025 жылғы қоғамдық орындарда бетті толық жабуға тыйым салатын жаңа заң себеп болған.

“Бұл жапсырмалар хиджабқа тыйым салмайды және діни нышандарға қатысы жоқ. Әңгіме тек адамның бетін толық жауып, жеке басын анықтауға мүмкіндік бермеуі туралы", – делінген хабарламада.


Бетті тұмшалауға тыйым: Министрлік қандай киімдерге рұқсат етілмейтінін түсіндірді


Желі қолданушылары никабқа тыйым салуды "әйел құқығын шектеу" деп атады


Орамалды талапқа сай тағудың рұқсат етілген нұсқасы жасыл түспен, ал тыйым салынғандары қызыл түспен белгіленген.

Еске салсақ, Қазақстанда қоғамдық орында бет-әлпетті жауып жүруге ресми түрде тыйым салынған еді. Қоғамдық орындарда никаб, балаклава және бетті толық жабатын өзге де заттарды киюге тыйым салу Қазақстанда 30 маусымнан бастап күшіне енді.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 04 Қыркүйек, 2025 09:07
Талқылау