Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Діни алауыздықты қоздырғаны үшін іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды

Діни алауыздықты қоздырды деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Ресейден қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары өткізген бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде діни алауыздықты қоздырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталып, елге қайтарылды. 

Күдікті 2016-2017 жылдары Алматы қаласында бірнеше рет діни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың діни сезімдерін қорлауға, азаматтардың дінге деген көзқарасы негізінде олардың эксклюзивтілігін, артықшылығын және кемістігін насихаттауға бағытталған әрекеттер жасаған.



“Бұл қылмыстың өзге де қатысушылары әртүрлі жауапкершілікке тартылды. Ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, оған халықаралық іздеу жарияланды. Осыдан кейін, 2017 жылы күдікті Мәскеуде қарақшылық жасап, сотталған. Ресейде жазасын өтегеннен кейін аталған адам қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға қайтарылды”, – делінген хабарламада.

Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Діни алауыздықты қоздырғаны үшін айыпталушы бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда терроризмді насихаттаған 5 адам ұсталған еді. https://t.me/GenPr/4420

Талқылау