Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сұлтан мұсылман қыздарына Қазақстанда қалай киіну керектігін айтты

Шетелде тұрып жатқан Динара Сұлтан қазақ халқын хиджабтың орнына ұлттық киім киюге шақырды.

14624333_1774868856112122_3777769095152271360_n

Фото: instagram.com/dinara_sultan1/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Динара Сұлтан бірнеше жылдан бері шетелде БАӘ-де тұрып жатыр. Аталған елге күйеуінің жұмысына бола көшіп барған-ды. Ол араб қыздарының ұлттық киімдерін ерекше құрметтейтіндеріне қайран қалған екен.

“Мен арабтың қыздарына қарап таңқаламын. Олар өздерінің ұлттық киімінсіз далаға аттап баспайды. Ұлттық киімдері «абая» деп аталады. Намаз оқи ма, оқымай ма оған қатысы жоқ, “абаясыз”елдің алдына шықпау – заң! Бұрын қара жамылғандардың бәрі намаз оқиды екен деп ойлайтын едім, олай емес екен. Жалпы, қазақ десе өзіңе тиеді ғой, дегенмен, негізі еліктегіш халықпыз ғой. Неге біздің қыздарға да осылай қазақи ұлттық нақыштағы киімдерді кимеске?!

Қазір не көп, ұлттық киімдерді қатырып тігетін дизайнерлер көп. Арзаны да бар, қымбаты да бар. Қыздар, қазақ қыздарын әлемге танытайықшы! Қара жамылмаңдаршы, егер намаз оқитындарыңыз болса, біздің әдемі кимешектер, абаяның орнына қазақша шапандар, кеудеше,кәжекилер жетеді ғой. Мына үстімдегі шапанға арабтың қыздары қызығып, сұраныс түсіп жатыр! Неге өзіміз осылай күнделікті киіп жүрмеске?! Алақай! Мақтан тұтам!” – дейді Динара Сұлтан.

15801837_702485443259554_7188312104175140864_n

Желі қолданушылары да әншінің бұл ұсынысын қоштай түсті. “Бәрі дұрыс дейді. Бірақ ешкім кимейді”, “Жаным Динара, сен сондай ақылды жансың”, “Жарайсың! Әйтеуір, бір адам осы мәселені ашып айтты ғой”, “Өте дұрыс айттыңыз. Жарайсыз!”, “Сізбен толықтай келісемін. Алға!”, “Дұрыс айттыңыз! Қазір еліктегіш жандардың қатары көбейіп келеді. Ең бастысы, ниеттің тазалығы емес пе?! Иман адамның киіміне байланысты емес. Бастысы, әуретті жерлер жабық тұрса болғаны” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Жұрт моншада видео түсірген Диана Шарапованы сынап тастады (видео)

Актриса Айсұлу Әзімбаева Үнді мұхиты жағасына көшіп кетті (фото, видео)

Ділназ Ахмадиева не себепті Иван Бреусовтың үйлену туралы ұсынысын қабылдамағанын айтты

Демалысқа шыққан Алтынай Жорабаева макияждан бас тартты (фото)

Талқылау