Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сәтжанның отбасынан қаралы хабар жетті

Қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан өзінің Instagram парақшасында коронавирустың кесірінен тәтесінің көз жұмғаны туралы хабарлады.

"Бүгін біз сүйікті тәтемізден айырылдық. Сыздықова Майя Қинайқызы. Әдемі, мықты, дана әйел 67 жасқа толмай кетіп қалды. Ана, әйел, әже, қыз, әпке, тәте біздің үлкен Сатжановтар отбасының көз жанары болған.

45 жыл бұрын Сәтжанның (менің атам) кенже ұлы ауылға қалалық қыз алып келді. Кенжебай көке мен Майя тәтесі Қарағандыдағы политехте бір курста оқыды. Майя тәте сол кезде қазақ тілінде сөйлей алмады, бірақ біртіндеп тілін, дәстүрлерін, отбасылық салттарын үйренді.

Біздің бірде-бір отбасылық іс-шарамыз Майя тәтеміздің қатысуынсыз болған жоқ. Оның дауысы өте әдемі болды. Студент кезінде Кенжебай көкемен бірге "Жас кенші" ансамблінде өнер көрсеткен.



Ол өте іскер, креативті, шығармашыл, көңілді адам болатын. 60 жасында ағылшын тілін өз бетінше үйренді. Көп саяхаттады. Ол тау-кен инженері бола тұра үнемі жаңа мамандықтарды игерді. Ешқашан тоқтамады. Өткен жыл ол үшін қиын болды. Ол өзін ковидтен мүмкіндігінше қорғады, бірақ мына індет оны жеңіп кетті", - деп жазды Динара Сәтжан.

 

Желі қолданушылары, өнер адамдары, саяси тұлғалар әншіге көңіл айтып, сабыр тіледі.

"Мая Кенаевнамен бірге қызмет жасап едік..Жаны жәннатта шалқысын", "Алла алдынан жарылқасын", "Иманы саламат болсын", - деп жазды олар.

Талқылау