Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сәтжан өзін айыптаған сәнгерді сотқа бермек

Белгілі тележүргізуші, “Қазақстан” РТРК арнасы басшысының кеңесшісі Динара Сәтжан өзін айыптаған сәнгерді сотқа бермекші. Сәтжан “қоқан-лоққы көрсетті” деп айыптаған сәнгердің шағымына жауап берді, деп жазады Stan.kz.

“Аяққа тұруға көмектесесің, ол үшін ақша бересің, моралдық тұрғыдан қолдайсың, тіпті тойына барасың. Бірақ күндердің күнінде ол мұндай жағдайда өзім жеттім деп шығады. Сосын рақметі жоқ бұл адам бейәдеп әрекеттерге барады. Ондай адамдарды ұнатпаймын, мүлдем араласпауды жөн көремін. Қызғаныш өз ісін тындырмайынша, біздің жолымыз ешқашан тоғыспайды.

Қымбатты Фариза, айтып жатқан сөздеріңнің растығын сотта дәлелдейтін боласың. Себебі әлеуметтік желіде жала жабу, намысқа тию – ойнайтын нәрсе емес”, – деп мәлімдеді Динара Сәтжан.

Еске сала кетейік, бұған дейін жас дизайнер Фариза Сұлтан Динара Сәтжанды қоқан-лоққы көрсетті деп айыптаған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас ең ізгі арманы жайлы айтты

Бибігүл Төлегенова тікелей эфирде сұхбат бере отырып жылап қалды (видео)

Айару Бақытбек еліміздің ең танымал жұлдыздарымен шетелде демалатынын айтып мақтанды

Қазақ әншісі: Аңдығаны қыз, ішкені арақ, сөйте тұра “Ұлтымыз азып барады” деп сұхбат береді

Талқылау