Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сәтжан мерекелік шараларға Әнуар Нұрпейісовты қатыстырмауға шақырды

Тележүргізуші әрі продюсер Динара Сәтжан алдағы уақытта актер Әнуар Нұрпейісовпен бірігіп жұмыстар атқармайтын болды.

avadi

Фото: beautylook.pro

Ол бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында жариялады. Продюсердің айтуынша, Әнуар “Мисс Қазақстан” байқауында қыздарды ұялтып, келеке қылатын әрекетімен жақпай қалған.

“Өз іс-шараңның бүлінгенін қалайсың ба? Онда Әнуар Нұрпейісовты шақыр да, оған микрофон ұстат. Ал сосын ол қашып кетеді”, – деп жазды “Мисс Қазақстан-2016” сайысының жүргізушісі.

Тележүргізуші қазақстандықтарға өздерінің 17 жастағы кезін еске алып, сондай жаста тікелей эфирде тұрып қазылардың сауалдарына қаншалықты жауап бере алатындығына байланысты ойланып көруге шақырды.

“Бұл тіпті сұрақ та емес, мазақ қылу, келеке ету болса ше. Әнуар өзін сол кештің батыры сезінген шығар. Тек өте жылдам қашып кетпеуі керек еді. Егер сондай сенімді болса неге соңына дейін отырмады”, – деп жазды ол.

Бұған дейін актер Қазақстан аруларын жасанды кірпік пен бес тонна бояудан бас тартуға шақырған болатын. Айта кетейік, танымал актер жуырда ғана Астана қаласында өткен “Қазақстан аруы-2016″ байқауының ақтық сынында төрелік етті.

Ал жақында тележүргізуші Асхат Садырбай да аталмыш байқауға түбегейлі қарсылық танытты. Еске салайық, еліміздің ең сұлу аруы ретінде Гүлбану Әзімхановатаңдалған еді.

Оқи отырыңыз:

Eaglez-дар көптен күткен Ninety one тобының бейнебаяны жарыққа шықты (видео)

Кәмшат Жолдыбаева: Жеңіл ақша табу үшін өзін-өзі сататын әншілердің қатарына кірмеймін

Гүлзира Айдарбекова «Гүл құшақтағанша немереңді құшақтамайсың ба» деп айтқандар болды

Талқылау