Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Қырықбаева әншілікті қайта қолға алып, киноға түспек

Динара Қырықбаева біраз жыл сахнадан көрінбей кетті. Балалары үшін сахнадан бас тартқан әнші өнерге қайта келді. Әншіліктен бөлек кино әлемін бағындырмақ. 

Бұл туралы Ревю бағдарламасында айтылды.

Динара Қырықбаева жақында күйеуімен ажырасқанын ресми түрде мәлімдеген еді. Отбасылы болған соң біршама жыл сахнадан көрінбей кеткен. Балалары есейген шақта қайта өнерді қолға алды. 

"Мен балаларымның қызығын көру үшін, олардың қасында болу үшін өнерден кеттім. Әлі де балаларымның қасында болғым келеді. Үлкенім 5 жаста, екіншісі 3 жаста, одан кейін кенже бар. Жолдасыммен ажырасып кеттім. Бірақ жақсы араласамыз. Әншілікті қайта қолға алдым. Жеке продюсерім бар. Телехикаяға түссем деймін", - деді әнші. 

Қырықбаева бұрынғы КВН-ші, әзілкеш, актер Медет Аманбаевпен бірге жұмыс істеп жүр. Желіде вайндармен танымал. Алдағы уақытта бірлесіп телехикая түсірмек. 

"Динара маған ұсыныс айтқанда, қалай болар екен деп ойладым. Бірақ ол жақсы роль ойнайды екен. Комедия жанрында ешқандай кедергі жоқ. Ал басқа жанрда аздап тәжірибе керек, дайындық керек. Жақында телехикая түсіреміз. Ол Динараның жеке өмірі жайлы емес. Сценарий ойдан құрастырылған", - деді ол. 

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр