Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Бақтыбаева: Болашақ жарымды иісіне қарап таңдаймын

Бүгінде Динара Бақтыбаеваны қазақ кино өнері саласының талантты актрисасы деуге толық негіз бар. Ол аз уақыт ішінде көрерменнің жүрегін жаулап, әртүрлі жанрдағы рөлдерді сомдап үлгерді. Ал көрермен үшін сүйікті актрисасының өмірі әрқашан қызық. Күнделікті өмірде Динара барынша қарапайым әрі шынайы екен. Актриса Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында сұлулығының сырымен бөлісіп, болашақ жарының қандай адам болғанын қалайтынын айтты.

11325643_1477647515871200_1635747448_n

Фото: instagram.com/dika_strai/?hl=ru

Актрисаның сөзіне сенсек, кей бойжеткен секілді арнайы күтім жасап, жаттығу залына бармайды. Тіпті таңертең ерте тұрып боянудан ұйқысын қандыруды артық көреді екен.

“Сымбатты болу үшін дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстанудың, ұйқыны қандырудың маңызы зор. Мысалы, маған ерте тұрып боянғаннан, ұйқымды қандырған артық. Жұрт секілді ерекше күтім жасамаймын деп айта алмаймын”, – дейді актриса.

Динара осы күнге дейін “Қыз бен жігіт”, “Нархоз”, “Супер той”, “Зәуре” сынды туындыларға түсіп үлгерді. Барлығында дерлік басты рөлді сомдады. Аз уақыт ішінде танымалдылыққа қол жеткізіп үлгерсе де, бойжеткен қарапайымдылығын сақтап қалуға тырысады.

12063204_149815322033114_488312767_n

12531075_543113802533222_52607797_n

“Көп адам “Қыз бен жігіт” фильміне режиссерлер мені өздері шақырды немесе сынамасыз қабылдады деп ойлайды. Шындығында, олар бұл рөлге лайық актрисаны біраз уақыт іздеген. Екі айдан астам уақыт бойы кастинг өткізген. Басқалар секілді бұл кастингке мен де қатыстым, сөйтіп басты рөлге тағайындалдым. Мен өнерге жұлдыз ауруының не екенін біліп келдім. Аталған ауруға шалдыққан танысым бар болатын. Қандай жағдай болмасын ұстамдылық танытамын. Табиғатымнан сабырлы адаммын”, – деп шоу-бизнеске қатысы жоқ екенін жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақтың телехикаяларында бой көрсеткен ең сымбатты әрі сұлу 10 актрисасы

Тағдыр қоспаса да, халық қосқан жұлдызды ғашықтар


Актрисаның ата-анасы өзі үш жаста болған кезде ажырасып кеткен. Анасы жалғыз қызын асырау үшін көп жұмыс істеп, Динара ерте есейген.

“Анам әкемнің орнын басты. Отбасымызды асырау үшін көп жұмыс істегендіктен, оны сирек көретінмін. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа болмады. Бұл, әрине, бұзық бала болып өстім деген сөз емес. Бар болғаны өмірде бірнәрсеге қол жеткізгің келсе, тек өзіңе сенім артуың керектігін түсіндім. Осындай еркін тәрбием үшін ризамын. Қай саланы таңдасам да, ата-анам қарсы болмады”, – дейді бойжеткен.

12750341_205213736506012_222183833_n

10691640_1677253342487183_636218270_n

Анасы екінші рет тұрмысқа шығып, отбасын құрған. 19 жасына дейін жалғыз өскен бойжеткеннің осы күнде сіңлісі бар.

“Өмірлік серігіңді көрген кезде жүрегіңе шоқ түсері сөзсіз. Өзің ерекше күйге бөленесің. Көздерің түйіскен кезде, сол адам үшін жаралғаныңды түсінесің. Мұны, расымен де, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл енді өмірлік жарыма қатысты алғашқы “шартым” болсын. Екіншіден, ер адамдардың жақсы иісіне ерекше құмартамын. Белгілі бір парфюм түрін жақсы көремін деп айта алмаймын. Әйтеуір, ол иіс маған ұнауы тиіс”, – деген актриса жеке өмірінің жаңалықтарын жасырып қалды.

12356592_926042640811174_2121474581_n

11311369_951849058232356_1704230618_n

Дәл қазір отандық арналардың бірінен Динара Бақтыбаева басты рөлді сомдайтын “Күлшеқыз Зәуре” атты телехикая көрсетіліп жатыр. Телехикая желісіне сәйкес, талантты суретші қыз анасының өлімінен кейін туған әкесін іздеуге шығады. Мұнымен қатар, аталған телехикаяда бойжеткеннің “бұрынғы ғашығы” Жандос Айбасов ойнайды. Қос актер “Қыз бен жігіт” комедиялық фильміне бірге түскен болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Динара Бақтыбаеваның продюсер Арманжан Байтасов фильміне түскені туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау